"Дипломмен ауылға": Депутат жастарға 10 миллион теңге беруді ұсынды

27 Наурыз 2024, 16:06
2790
Бөлісу:
"Дипломмен ауылға": Депутат жастарға 10 миллион теңге беруді ұсынды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

“Дипломмен ауылға” бағдарламасы арқылы ауылға баратын мамандардың көтерме ақысын 10 миллион теңгеге дейін ұлғайту ұсынылды. Мұндай мәселені Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, елімізде “агроном” және “ветеринар” мамандықтарын 13 жоғары оқу орны ұсынады. Депутат ауылдардан жоғары оқу орындарына түсетін мамандар үшін квота санын көбейту керек деп санайды.

Қазақстанда 119 жоғары оқу орны бар. Дегенмен университеттердің жеткілікті санының болуына қарамастан “ауылдық” квота санында айтарлықтай алшақтық бар, басқаша айтқанда, студенттердің арасынан әрбір төртінші студент қана диплом алады. Олар жыл сайын өзінше жұмысқа орналасады. Қорытындысында көңіл толарлықтай нәтиже болмайды, - деп айтты Серіков.

Депутат атап өткендей, түлектердің көпшілігі алған біліктілігіне сәйкес келмесе де қалалық ортада жұмыс істеуді қалайды. Мамандардың ауылдық жерлерге бармау себептері ауылдардағы тұрмыс, ақпараттық технологиямен қамтамасыз етілмеуі, көлік және әлеуметтік инфрақұрылымның дұрыс жетілмегендігі.

«Болашақ» бағдарламасымен ауылшаруашылық ғылымдарын оқытуға да көңіл бөлу керек. Тағы бір мәселе, ауыл шаруашылығына оқитын балаларды Астана, Алматы қалаларына ғана емес, басқа да шаағын қалаларға, мысалы Тараз, Атырау, Қарағанды сияқты қалаларға жіберілсе, үлкен қалалардағы оқу орындарында орын жетіспеушілік мәселесі де шешілері анық, қай жағынан болсын. Сонда дұрыс бағыт болар еді. Бірақ бүгінде жоғарыда аталған қолдаудың барлық түрлері жалпы айтылғанымен қол жетімді емес. Ауылға баратын мамандар ішінде агроном, ветеринар мамандары ерекше аталмаған, - дейді мәжілісмен.

Депутат ауылға баратын жас мамандарға жақсы жағдай жасалуы қажет екенін атап өтті.

Таңсәуле Серіковтің ұсыныстары мынадай:

1. “Дипломмен ауылға” бағдарламасы арқылы оқыған ауылшаруашылығы мамандары тұрғын үймен толықтай қамтамасыз етілсін.

2. Оларға берілетін көтерме ақы көлемі 10 миллион теңгеге дейін ұлғайтылсын және ерекше қадағалансын.

Өзгелердің жаңалығы