Диплом жұмысқа тұру үшін жеткіліксіз – Аймағамбетов

1 Қараша 2022, 11:21
2134
Бөлісу:
Диплом жұмысқа тұру үшін жеткіліксіз – Аймағамбетов

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгін біз «Педагог мәртебесі туралы» Заңның оң әсерін көріп отырмыз. Президенттің қолдауының арқасында педагогтердің жалақысы ұлғайтылды және 2023 жылғы қаңтардан бастап тағы 25 пайызға артады. Сонымен қатар, мұғалімдердің кәсіби құзыретін арттыруға ерекше назар аударылады. 2021 жылдан бастап педагогикалық жұмысқа тұру үшін  сетификаттау енгізілді. Яғни диплом жұмысқа тұру үшін, енді жеткіліксіз, міндетті түрде өз пәні және әдістеме бойынша тестілеуден өту қажет, - деді министр.

Айтуынша, енді педагогтердің біліктілігін арттыру  5 жылда 1 рет емес  3 жылда бір рет болады.

Директорлардың кадрлық резерві қалыптасады, білім беру ұйымдарының директорларын ротациялау тетігін іске асыру жалғасады. Білікті кадрларды дайындау және біліктілігін арттыру үшін «Педагог» жаңа кәсіби стандарты енгізіледі, - деп мәлімдеді Аймағамбетов. 
 

Өзгелердің жаңалығы