«Славян базарында» халқыңның мәртебесін асқақтаттың – Димаш Рухия Байдүкенованы жеңісімен құттықтады

19 Шілде 2021, 10:49
2394
Бөлісу:
«Славян базарында» халқыңның мәртебесін асқақтаттың – Димаш Рухия Байдүкенованы жеңісімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Димаш Құдайберген Витебскте өткен «Славян базары» байқауының гран-при жүлдесін жеңіп алған Рухия Байдүкенді құттықтады. 

Жарадың, алтын қарындасым! Жеңісті күндерің көп болғай! Алла қаласа сен үлкен жұлдыз боласың! Бүгин сен «Славян базарында» халқыңның мәртебесін асқақтаттың, әділ қазылар мүшесі болып отырған менің де мерейімді үстем еттің. Нагыз шынайы өнерге қызмет етіп, бәрімізді осылай қуантып алға баса бер, - деп жазды Димаш Құдайберген. 

 



Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық әнші Рухия Байдүкенова «Славян базары» байқауының бас жүлдесін жеңіп алған болатын.

 

 

Өзгелердің жаңалығы