Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік атыстары өтіп жатыр

19 Шілде 2022, 15:15
1097
Бөлісу:
Десанттық-шабуылдау әскерлерінің жауынгерлік атыстары өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің оқу полигондарында қарқынды жауынгерлік дайындық өтуде. 

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бөлімшелердің, экипаждардың және есептоптардың үйлесу процесі аяқталғаннан кейін бөлімшелер штаттық қару-жарақтан практикалық жауынгерлік атысқа кірісті.

2022 жылдың көктемінде шақырылған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер бөлімшелерге келгеннен кейін бір ай ішінде мамандық бойынша даярлықтан өтіп, өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақ  пен әскери техниканы зерделеді. Содан кейін бөлімшелердің жауынгерлік атыстары жүргізілетін даярлықтың келесі кезеңіне өтті.

Біз кез келген ұрыс жағдайына бейімделуіміз керек. Жауынгерлік және кәсіби дағдыларды игерумен қатар, оқ ату да бізді жауапкершілікке тәрбиелейді және моральды тұрғыда шыңдайды, – деп атап өтті 61993 әскери бөлімінің пулеметшісі Елдос Қойшыбаев.

Қызметтің алғашқы кезеңінде батальондардың қорғаныстағы, шабуылдағы, марштағы, бөлімшелердің елді мекендерде жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу сияқты негізгі тақырыптар бойынша жауынгерлік атыстары пысықталды.

Басты мақсат – жеке құрамның күндіз және түнде жауынгерлік ахуалдың күрделі жағдайларында жеке және топтық қаруды қолдану білігін тексеру, сондай-ақ заңсыз қарулы құрамаларға қарсы белсенді және үйлесімді іс-қимылдар жүргізу.

Өзгелердің жаңалығы