Десанттық-шабуылдау бригадасының сарбаздары ант қабылдады

23 Мамыр 2021, 15:59
2281
Бөлісу:
Десанттық-шабуылдау бригадасының сарбаздары ант қабылдады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAq.KZ. Көктемде Алматы мен Түркістан облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер ант қабылдады.

Десанттық-шабуылдау бригадасының сарбаздары ант қабылдады

Әскерге шақырылғаннан кейін бір ай бойы сарбаздар  жас жауынгер курсынан өтіп, онда саптық, дене, атыс даярлығының, жалпыәскери жарғылардың негіздерін үйренеді, сондай-ақ іс жүзінде атуды орындады.

Десанттық-шабуылдау бригадасының сарбаздары ант қабылдады

Салтанатты рәсім бригаданың алаңында өтті.

Десанттық-шабуылдау бригадасының сарбаздары ант қабылдады

Әрбіріңіз білім мен дағдыны, іскерлікті табандылықпен меңгерулеріңіз керек. Атап айтқанда – жауынгерлік дағдыны, әскери шеберлікті жетілдіріп, нағыз әскери маман болуларыңыз керек. Қасиетті антқа адал болыңыздар, – деді Құрлық әскерлерінің идеологиялық жұмыстар бас басқармасы бастығының орынбасары полковник Нұржан Өмірзақов.

Десанттық-шабуылдау бригадасының сарбаздары ант қабылдады

Шара соңында десантшы-жауынгерлер қоян-қолтық күрестің элементтерін, қаруды қолдану арқылы саптық әдістерді көрсетіп, салтанатты шерумен жүріп өтті.

Десанттық-шабуылдау бригадасының сарбаздары ант қабылдады

Дәл осы күні теңіз пехота бригадасының жас толымдары да ант қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы