Депутаттық корпустың алдында да жауапты міндеттер тұр - Нығматулин

4 Қыркүйек 2019, 11:57
1789
Бөлісу:
Депутаттық корпустың алдында да жауапты міндеттер тұр - Нығматулин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін мәжілістің бесінші сессиясының алғашқы жалпы отырысында спикер Нұрлан Нығматулин ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауына назар аударды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жалғастыра отырып, Қазақстанымызды одан әрі дамытудың негізгі мақсаттарын белгілеп берді. Олардың барлығын заң жағынан қолдау үшін депутаттық корпустың алдында да жауапты міндеттер тұр. Сол үшін сессия барысында депутаттар өз уақытында халыққа қажетті, сапалы заңдар қабылдайтын боламыз",- деді Нұрлан Нығматулин.

Ол осы жауапты міндетті абыроймен атқару үшін бүгіннен бастап белсене іске кірісу қажеттігін еске сала кетті. 

«Экономиканы жаңғыртуға әлеуметтік ахуалды күшейтуге, бюджет және салық жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, шағын және орта бизнесті қолдауға, экологиялық мәселелерге басқа да сұрақтарға ерекше көңіл бөлінеді», - деді мәжіліс төрағасы.
Өзгелердің жаңалығы