Депутаттар Темірхан Досмұхамбетовтің жақындарына көңіл айтты

2 Қараша 2021, 11:32
819
Бөлісу:
Депутаттар Темірхан Досмұхамбетовтің жақындарына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің және Палата депутаттарының атынан белгілі мемлекет қайраткері, V шақырылым бойынша сайланған Мәжіліс депутаты Темірхан Досмұхамбетовтің қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Мәжіліс спикері Темірхан Досмұхамбетовтің еліміздің дамуына, соның ішінде, елордамыздың қалыптасуына, туризм және спорт саласының, ауыл шаруашылығының өркендеуіне қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Темірхан Досмұхамбетов өзінің заң шығарушылық қызметін Жоғарғы Кеңестің ХІІ шақырылымынан бастап, одан кейін Мәжілістің V шақырылымының депутаты болып, отандық заңнаманы жетілдіруге ықпал етті. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі ретінде ел мүддесін қорғау жолында өз қолтаңбасын қалдырды. Ел игілігі үшін елеулі еңбек еткен белгілі тұлға, сенімді әріптес Темірхан Мыңайдарұлы Досмұхамбетовтің ақжарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады, - деді Нұрлан Нығматулин.

Өзгелердің жаңалығы