Депутат: Төрелердің әсіре баюы, бұқара халықтың жаппай кедейленуі өте қауіпті

1 Қараша 2023, 16:54
811
Бөлісу:
Депутат: Төрелердің әсіре баюы, бұқара халықтың жаппай кедейленуі өте қауіпті
Фото: Арман Мухатов - архив

Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров жалпы отырыста кедейлердің мүддесін қорғау мәселесі жайлы айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Бюджетте кедейшілікпен күрес мәселесі әлсіз қарастырылған. Қазір елімізде 1 млн 16 мың адам ресми түрде кедей болып тіркелген. Жоқшылықтың өтіп кеткені соншалықты адамдар нан, макарон, ет алу алу үшін кредит алуға мәжбүр. Бүгін бюджетте жағдайы нашар азаматтар үшін 12,4 млрд теңге грантқа берілген. Ал енді 9 мың грант қана. Ал 1 млн адамға 9 мың грантпен кімнің жамауын жамаймыз? Төрелердің әсіре баюы, бұқара халықтың жаппай кедейленуі өте қауіпті. Бұл тенденция қазір жалғасып жатыр. Сондықтан кедейшіліктен зардап шегіп отырған адамдарға бюджетте арзандатылған микрокредиттер желісін ұйымдастырып, бизнес дағды қалыптастырып, бұл азаматтарды экономикалық айналымға қосу өте маңызды. Міне, осы мәселе бюджетте қарастырылмаған, - деді ол.

Сайыров халықтың өмір сапасын арттыру керегін айтты.

Үкімет жанынан кедейшілікке қарсы ұлттық іс-қимыл комиссиясын құрып, бюджеттің халықты жаппай кедейлік проблемасын шешуге бұру қажет. Бұл мәселе Тамара Қасымқызына айтылған. Бірақ шешім әлі жоқ. Комиссия қашан құрылады? Кедей азаматтардың мүддесін қашан қорғаймыз? Әлде істің насырға шапқанын күтеміз бе? - деді Ерлан Сайыров.

Өз кезегінде Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бұл мәселенің шешімі бар екенін айтты.

Біз Үкімет жанынан халықтың табысын арттыру бойынша жобалық кеңсе құрылды. Оның құрамсына ҰЭМ, АШМ, AMANAT партиясының депутаттары мен мемлекеттік орган мүшелері кірді. Осы орталық офис негізінде 2 228 ауылдың жағдайын қарап шықтық. Кедейлік деңгейі мен жұмыспен қамту сараланды. Қазір сол материалдар келіп түсті. Орталық офис оны нақтылап жатыр. Айдың соңына қарай өздеріңізбен және мәслихат депутаттарының қатысуымен нақты талқылаймыз, - деді Дүйсенова.

Өзгелердің жаңалығы