Депутат кітап шығарушыларды салықтан босатуды ұсынды

20 Наурыз 2024, 16:12
502
Бөлісу:
Депутат кітап шығарушыларды салықтан босатуды ұсынды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Айдос Сарым салық реформасы аясында кітап шығарушыларды 10 жыл мерзімге салықтан босатуды ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қарапайым қағаздан бастап полиграфиялық жабдыққа дейін импортқа 100 пайыз тәуелді кітап индустриясы саласына экономикалық тұрғыдан ынталандыру жүйелері қажет.

Салық реформасы аясында кітап шығарушыларды 10 жыл мерзімге салықтан босату керек. Мәселен, қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі ұлттық кітап шығаруды қолдаудың пәрменді шарасы ретінде 39 елде – Ұлыбританияда, Үндістанда, Бразилияда, Мексикада және басқа да елдерде қолданылады, - деді депутат.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда кітап оқитын ел жобасына қатысты тапсырма берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы