Депутат: Елімізде теңсіздік жоқ

9 Қазан 2023, 11:29
1583
Бөлісу:
Депутат: Елімізде теңсіздік жоқ
Фото: Арман Мухатов - архив

Депутат Ерлан Сайыров елімізде МӘМС-ке тіркелмеген 3,3 млн адам жүйеге қашан қосылатынан сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде халқымыздың 3,3 млн-ы медициналық сақтандырудан тыс қалған. Бұл адамдардың басым көпшілігі ауылда тұрады. Міне, осы адамдар скрининг, медициналық тексеруден өтпейді. Яғни бұл елімізде жылдан-жылға әлеуметтік әділетсіздік асып бара жатыр деген сөз. Елімізде теңсіздік жоқ, - деді депутат.

Сайыров депутаттар аймақтарға барған кезінде медицина саласының өкілдері МӘМС-пен қамтылмаған азаматтарға үгіт-насихат жүргізуі үшін дәрігерлерді ауыл-аймаққа жіберетінін айтқан.

Медицина саласының өкілдеріне бұл жұмыс үшін ақша төленбейді. Менің ойымша, мұндай жұмысты доғару керек. 3,3 млн азаматты қашан МӘМС-ке алып келеміз? Бұл еліміздегі азаматтардың ашу-ызасын тудыратын, Үкіметке сенімсіздікті арттыратын принцип. Бұған қашан балта шабамыз?, – деп сұрақ қойды Мәжіліс депутаты.

Өзгелердің жаңалығы