Депутат: Ел азаматтарын тәртіпті сақтауға шақырамын

7 Қаңтар 2022, 18:18
1438
Бөлісу:
Депутат: Ел азаматтарын тәртіпті сақтауға шақырамын
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Президенттің елдегі жағдайға байланысты Қазақстан халқына арнаған үндеуіне қатысты пікір білдірді. Ол өз ойын ҚазАқпаратқа дерген сұқбатында айтты.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халыққа үндеу жолдады. Кез келген елдің тұрақты дамуының басты шарты – конституциялық тәртіп пен заң. Сондықтан Мемлекет басшысы қазақстандықтарды төтенше жағдайдың барлық заңды шараларын ұстануға шақырды. Қазіргі таңда ең бастысы – елімізде конституциялық тәртіпті қалпына келтіру, - деді Ерлан Сайыров.

Оның айтуынша, тек заң мен құқықтық тәртіп аясында табысты мемлекет туралы айта аламыз.

Біз үшін ең маңызды аспект – егеменді және тәуелсіз Қазақстан. Еліміздің азаттығын сақтау үшін заңға бағынып, ақыл-ойымызды жиып, түрлі топтар арасында заманауи диалог жүргізуіміз керек. Сондықтан қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының мүддесіне ықпал етіп, заңды тәртіпті сақтауға шақырамын, - деп атап өтті депутат.

Сонымен қатар депутат барлығы да еліміздің заңы аясында өткенін қалайды.

Барлығын ҚР заңнамасы аясында диалог жүргізуге шақырамын. Тек осылайша еліміздің тұрақтылығына және дамуына қол жеткізе аламыз. Қазіргі уақытта мемлекеттің ең басты ұраны – заң мен ақыл-ой, - де ол.

Өзгелердің жаңалығы