Депутат биыл солтүстікте жағдай қиын болатынын ескертті

21 Маусым 2023, 12:20
1288
Бөлісу:
Депутат биыл солтүстікте жағдай қиын болатынын ескертті
Фото: ҚР Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ермұрат Бәпи елордадағы құрылысы әлі бітпеген үшінші ЖЭО жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астанадағы үшінші ЖЭО-ны салып жатқанына 14 жылға жуықтады. Оның ең басты қызығы мынада - жыл сайын құрылыстың құны өсіп бара жатыр. Алғашында 86 млрд теңге болған құрылыстың құны 122 млрд теңгеге көтерілген. Енді биыл бағасын тағы 54 млрд теңгеге көтеріп отыр. Бұл не деген “алтын құрылыс” екенін түсінбеймін, - деді депутат.

Депутат Бәпидің айтуына қарағанда, оның қашан бітетіні әлі белгісіз. Осыған байланысты мәжілісмен Астана қаласының әкімдігіне сұрақ қойды.

Жылы жақтан көшіп келдік. Биыл қыс қатты болады деген жорамал бар. Биылғы қыста Астана халқымен бірге қатып қалмаймыз ба? Осыншама миллиардтарға кім жауап береді? Ол неге бөліне береді? Бұл шығыс кімге жүктеледі? Нысан биыл тапсырыла ма, жоқ па? Биыл қыс қатты болса, солтүстіктегі жағдай қиын болады деген жорамал бар, - деп айтты Ермұрат Бәпи Мәжілісте.

Өзгелердің жаңалығы