Денсаулық сақтау министрінің өз жұмысына көңілі тола ма?

18 Қазан 2023, 11:55
807
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрінің өз жұмысына көңілі тола ма?
Фото: Арман Мухатов - архив

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният өзінің атқарып жатқан жұмысына көңілі толу-толмауы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы министр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін кулуарда тілшілерге берген сұхбатында мәлімдеді.

«Өзіңізге жүктелген міндеттерді атқара алып жатырсыз ба? Жұмысыңызға қандай баға бересіз?» деп сұрады БАҚ өкілі ведомство басшысынан.

Бұл сұраққа бұған дейін де жауап бергенмін. Жұмысыма өзім баға бере алмаймын. Министрдің жұмысына бағаны ең алдымен Мемлекет басшысы, одан кейін – Қазақстан халқы береді, - деді Ажар Ғиният.

Өзгелердің жаңалығы