Денсаулық сақтау министрімен қалай кездесуге болатыны айтылды

4 Тамыз 2023, 14:45
674
Бөлісу:
Денсаулық сақтау министрімен қалай кездесуге болатыны айтылды
Фото: gov.kz

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың өтініштері мен қабылдауы бойынша есеп береді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

2023 жылдың 1 жартыжылдығында ведомство "Е-Өтініш" АЖ, "Documentolog" АЖ, ДСМ ресми интернет-ресурсы, Денсаулық сақтау министрінің "Ашық диалог"порталының блог-платформасы арқылы келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың 15 мыңнан астам өтініштерін қарады.

Сондай-ақ ДСМ ресми интернет-ресурста бекітілген және орналастырылған кестеге сәйкес 1 жартыжылдықта Министрлік басшылығының 37 қабылдауы ұйымдастырылды, 314 адам қабылданды.

Сонымен қатар, Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған 74-37-27 "Сенім телефоны"  және 74-32-43, 74-32-40 анықтама телефондарының жұмысына қатысты 2400-ден астам қоңырау қабылданды, ал Министрліктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде 478 өтініш беруші қабылданды.

Өтініштерді талдау негізінде ең өзекті мәселелер бөлінеді:

  • денсаулық сақтау және санитария саласындағы өтініштер бойынша жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру;
  • амбулаториялық-емханалық көмек;
  • дәрілік заттарды қазақстандық дәрілік формулярға қосу;
  • мүгедектігі бар адамдарға медициналық қызмет көрсету.
Өзгелердің жаңалығы