Денсаулық сақтау мәселелерін қамтитын заң қабылданса, не өзгереді?

19 Қыркүйек 2022, 16:38
1774
Бөлісу:
Денсаулық сақтау мәселелерін қамтитын заң қабылданса, не өзгереді?
Фото: inform.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сондай-ақ еліміздің бас дәрігері заң жобасын қабылдаудан күтілетін нәтижелерге тоқталды.

Біріншіден, медицина қызметкерлеріне негізделген шағымдардың санын біртіндеп азайту. Екіншіден, тәуекел тобындағы медицина қызметкерлерін кәсіптік жауапкершілікті сақтандырумен толық қамту. Үшіншіден, медициналық көмек көрсету кезінде азаматтардың денсаулығына келтірілген зиянды сақтандыру арқылы өтеу құқығын қорғау. Төртіншіден, пациенттер беретін шағымдар бойынша сот шығыстарына жұмсалатын шығындар бойынша медициналық ұйымның тәуекелдерін азайту күтіледі, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Айтуынша, заң жобасында медициналық көмек көрсету кезінде пациенттердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу кезінде медицина қызметкерлерінің төлем қабілетсіздігі қаупін төмендету де көзделген. Сонымен қатар медицина қызметкерлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру да қаралып отыр.

Медицина қызметкерлерінің біліктілік деңгейлерін беру және растау жөніндегі институтты енгізуді мақсат тұттық. Оған қоса, сенімді статистикалық есептілікті және деректерді талдауды қалыптастыру жоспарда бар. Осы заң жобасы және медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың ұсынылған моделі құқықтық тәуекелдерді, жұмыс істеп тұрған кәсіптік кадрлардың кетуін азайтуды, олардың қорғалу сезімін арттыруды көздейді. Жастарды өз болашағын медициналық кәсіппен байланыстыруға мотивациялауға мүмкіндік беретінін атап өткім келеді. Бұл нормалар медициналық көмек көрсету сапасын арттыруға, медициналық оқыс оқиға жағдайында толыққанды оңалту мен денсаулықты қалпына келтірудің кепілді мүмкіндігін алу арқылы пациентті қорғауға бағытталған, - деді Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы