Дені сау ұрпақты дүниеге әкелу үшін жүктілікті жоспарлау маңызды - министр

1 Маусым 2022, 10:50
1439
Бөлісу:
Дені сау ұрпақты дүниеге әкелу үшін жүктілікті жоспарлау маңызды - министр
Фото: primeminister.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Сондай-ақ еліміздің бас дәрігері балалардың денсаулығын сақтаудағы ең маңызды нәрсеге тоқталды. 

Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтаудағы ең маңыздысы: жүктілік кезеңінен бастап, яғни ана құрсағында, әрі қарай балалардың өсіп-даму кезеңдерінде медициналық көмек көрсетудің бірыңғай жүйелі стратегиясы мен тактикасын айқындау қажет. Сондықтан бірінші, бүгінгі таңда жүкті әйелдерде ұрықтың ағзалары мен жүйелерінің ақауларын анықтауға арналған пренаталдық скринингпен қамту толықтай жүргізіледі, ол 85,4%, - деп атап өтті ведомство басшысы. 

Ал, хромосомалық ауруларды анықтауға биохимиялық скринингпен қамту 78%-ды құраған. Жаңа туған нәрестелердегі денсаулық кемістігі құрылымында ағзалар мен жүйелердің ақаулары 96,3%, хромосомалық әртүрлі бұзылулар 3,7%.

Туа біткен ақаулардан болатын өлім-жітім нәрестелер өлімінің себептері құрылымында екінші орында және төмендеу үрдісі жоқ. Бұл ультрадыбыстық зерттеу мамандарының жетіспеушілігі мен біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты, оның ішінде Батыс Қазақстан облысында - 15, Алматы облысында – 13, Ақмола облысында – 11 маман жетіспейді. Республика бойынша пренаталдық скринингке арналған ультрадыбыстық зерттеу аппараттарымен жарақтандырылуы 67%-ды құрайды, ең төмен жарақтандырылуы Түркістан (қажеттілік 28), Алматы (26), Батыс Қазақстан (14), Қарағанды (10) облыстарында орын алып отыр, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы