Деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны жүргізудің өзгертілген қағидалары күшіне енді

3 Желтоқсан 2021, 22:39
1040
Бөлісу:
Деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны жүргізудің өзгертілген қағидалары күшіне енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енгізілген бұйрықта тұжырымдамалық өзгерістер де, редакциялық және нақтылау сипатындағы өзгерістер де қамтылған, деп хабарлады Кірістер комитеті.

«Деңгейлес мониторинг бойынша пилоттық жобаны жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 1 шілдедегі № 648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің бұйрығы ҚР Әділет министрлігінде 2021 жылғы 17 қарашада № 1189 тіркелді. 

Бұйрыққа өзгерістер енгізу қажеттілігі құқық қолдану практикасының нәтижелері бойынша туындады.  

Бұйрықта тұжырымдамалық өзгерістер де, редакциялық және нақтылау сипатындағы өзгерістер де қамтылған. Тұжырымдамалық өзгерістерге пилоттық жобаның міндетті қатысушыларының қатарынан уәкілетті экономикалық операторлар санатын алып тастауға және авиация саласындағы салық төлеушілер үшін пилоттық жобаға қатысу мерзімдерін ауыстыруға қатысты өзгерістер жатады, - делінген ақпаратта.
Қазақстан Республикасында пилоттық жобаны іске қосу 2020 жылғы шілдеде жүзеге асырылды.

Деңгейлес мониторинг – салық төлеушілер нақты уақыт режимінде салық органдарына болашақтағы салық тәуекелдерінен ескерте отырып, бухгалтерлік және салықтық есепке алу деректеріне қол жеткізуді ұсынатын бақылау нысаны.

Пилоттық жобаларға деңгейлес мониторингті енгізудің халықаралық практикасында салықтық әкімшілендіру мәселелерін қамти отырып, экономиканың басым секторларынан: мұнай-газ, тау-кен және банк, телекоммуникация, мұнай және газ тасымалдау, жүк тасымалы, авиация салаларындағы компаниялар қатысады.

Өзгелердің жаңалығы