Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

14 Маусым 2019, 16:58
1657
Бөлісу:
Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері 15-17 маусымға арналған болжамын ұсынады. 

"Маусымның ортасы болса да, республикамыздың солтүстік жартысында ауа райы мамыр айындағыдай тұрақсыз болады. Бұл облыстарда алдағы демалыс күндерінде найзағаймен жаңбыр және күндізгі ауа температурасы плюс 10...20 градус шамасында күтіледі", - делінген хабарламада. 

Синоптиктердің болжамынша, мұндай ауа райы Қазақстанға Баренц теңізі аймағынан үздіксіз ағылып жатқан суық ауа массалар ағынымен және суық арктикалық фронтпен байланысты. Сондықтан республиканың басқа аймақтарында да тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен жаңбыр күтіледі. Дегенмен, мұнда ауа райы жылы болады. 

Батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста, жаңбырға қарамастан, күндіз ауа 25...33 градусқа дейін жылиды, ал Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз және 30...39 градусқа дейін ыстық болады.


Өзгелердің жаңалығы