DAZN Головкин мен «Канело» жекпе-жектерінің уақытын белгіледі

19 Қараша 2020, 18:09
2001
Бөлісу:
DAZN Головкин мен «Канело» жекпе-жектерінің уақытын белгіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. DAZN стриминг қызметі бірнеше жекпе-жектің уақытын белгіледі, деп хабарлайды Vesti.kz.

Инсайдерлердің мәліметінше, желтоқсан айына бірнеше жекпе-жек жоспарланған:

 

18 желтоқсан: орта салмақта IBF титулы үшін қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен польшалық Камил Шеремета (21-0, 5 КО) арасында;

19 желтоқсан: екінші орта дивизионда WBA (Super) белбеуі сарапқа салынатын британиялық Каллум Смит (27-0, 19 КО) және мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) айқасы;

26 желтоқсан: жеңіл салмақта WBC тұжырымынша «уақытша» чемпион атағы үшін британиялық Люк Кэмпбелл (20-3, 16 КО) мен америкалық Райан Гарсия (20-0, 17 КО) кездесуі өтеді.

Әзірге тек Смит - Альварес кездесуі ғана ресми бекітілгені айтылады.


 

 

Өзгелердің жаңалығы