Комиссия төрағасы: Халық белсенді түрде дауыс беріп жатыр

9 Маусым 2019, 09:22
2281
Бөлісу:
Комиссия төрағасы: Халық белсенді түрде дауыс беріп жатыр
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы №111 сайлау учаскесіне 4661 сайлаушы тіркелген. 

"Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Сағат 12:00-ге дейін учаскеге келе алмайтындардың туыстары келіп, өтініш жазуға құқылы. 12:00-ден кейін комиссия мүшелері мен бірнеше бақылаушы келе алмаған адамдардың үйлеріне барады. Мұның бәрі заң аясында жүзеге асады",- дейді №111 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Дариға Дәуренбекова. 

Осы уақытқа дейін сайлау учаскесіне келе алмайтын 8 адам анықталған. Сондай-ақ осы учаскеде таңғы 7:00-ден бері 400-ден астам дауыс берген.

Өзгелердің жаңалығы