Дауыл салдарынан қарағандылықтар жарықсыз қалды

13 Шілде 2020, 11:50
1465
Бөлісу:
Дауыл салдарынан қарағандылықтар жарықсыз қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дауылды жел қарағандылықтарды жарықсыз қалдырды. Төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде оқиға салдарын жоюға кірісті.

Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Электр қуаты Оңтүстік-Шығыста, ішінара Майқұдық, Пришахтинск және Сұрыптауда қосылған.

Жоғары вольтты желілердің үзілуі салдарынан қала, Михайловка, Федоровка және Пришахтинск жеке секторларында электр қуатын таңға жақын қосуды жоспарлап отыр. Бригадалар жұмысқа кірісті.

Жарықсыз қалған ауруханалар апаттық қуат көздеріне көшті.

Қарағандыда дауылды жел салдарынан көптеген оқиға болды. Ғимараттардың шатырлары ұшып, ағаштар құлады. Электр желілері үзілді. 

Қазіргі уақытта коммуналдық қызметтер мен апаттық бригадалар дауыл салдарын жоюмен айналысуда. Нақты зақымдар мен зардаптардың ауқымы кейінірек белгілі болады.

Өзгелердің жаңалығы