Тұрлыханов турнирінде ұйымдастырушылар баннерді дұрыс жаза алмаған

29 Мамыр 2021, 18:32
2899
Бөлісу:
Тұрлыханов турнирінде ұйымдастырушылар баннерді дұрыс жаза алмаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Дәулет Тұрлыхановтың жүлдесіне арналған республикалық турнир өтіп жатыр.

Үш күнге жоспарланған аталмыш доданың баннеріндегі жазу әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

Баннерде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Дәулет Тұрлыхановтың Грек-рим күресінен дәстүрлі XXI Республикалық жүлделі турнирі» деп жазылған.

Осыған байланысты спорт журналисі Қайрат Әбілда әлеуметтік желіде қалай дұрыс жазар едіңіз деген сауал тастаған.

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан «Д.Тұрлыханов жүлдесі үшін грек-рим күресінен дәстүрлі ХХІ республикалық жарыс» десе дұрыс болар еді депті.

Шыны керек, осындай жоғары деңгейлі жарыстың баннерін қазақша жаза алмауымыз тым ұят жағдай. 

Өзгелердің жаңалығы