Дәулет Мұқаев журналистердің баспаналы болу жолын ұсынды

19 Маусым 2023, 16:34
1312
Бөлісу:
Дәулет Мұқаев журналистердің баспаналы болу жолын ұсынды
Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев журналистердің баспаналы болуына кедергі келтіретін жайтты атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналистердің баспана мәселесін көтеріп отырмыз. Жаңа айтқандай, арнайы категория беріп, үйдің кезегіне енгізуге келмейді. Себебі кезек шынымен де жылжымайды. Бірақ журналистика саласында бір кемшілік тұс бар. Мысалы, табысы болғанымен, бірақ табыс көзін растайтын кезде, әсіресе телевизия саласында көбі аутсорсинг компанияларда жұмыс істейді, - деді депутат.

Мұқаевтың айтуынша, мұндай компанияларда жұмыс істейтін журналистер 10-20 бағдарламаға ақыны 3 айда бір не болмаса бірден қомақты соманы алады. Сөйтіп зейнетақы аударымдарына 10 пайыз жіберіледі.

Ал банкке барған кезде не сұрайды? Соңғы 6 айда тұрақты түрде жұмыс істеу мәселесі қаралады. Сөйтіп журналистер табыс көзін растай алмай қалады. «7-20-25» бағдарламасымен 20 пайызын немесе Отбасы банкке 50 пайызын жинап қойса да, осындай проблемалар болады. Енді осыны ұсыныс ретінде қарастырсаңыз, - деп өз ұсынысын айтты депутат Мұқаев Ақпарат министрлігіне дөңгелек үстелде.

Өзгелердің жаңалығы