Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

31 Тамыз 2021, 12:55
6134
Бөлісу:
Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады
PHOTO
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ертең елімізде жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта басталады. Оған қазіргі күні барлық білім мекемесі қызу дайындық үстінде. Жаңа оқу жылында студенттерді толғандыратын басты мәселе – жатақхана. Биыл жатақханаларға студенттер қалай орналастырылады? Коронавирус жұқтырған студенттер не істейді?

Л.Гумилев атындағы ұлттық университеттің «Студенттер үйі» дирекциясының директоры Мерей Шәменов студенттерді жатақханаға орналастыру мен олардың қауіпсіздігі жайында BAQ.KZ тілшілеріне айтып берді.

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Оның сөзінше, Л.Гумилев атындағы ұлттық университеттің 7 жатақханасы бар. Бұл жатақханалар 3 мыңға жуық студентті қабылдайды.

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Бүгінгі күні алдымен 100% І курс студенттерін қабылдаймыз. Оларды 25-29 тамыз аралығында қабылдауды бастадық. Кейін 30-31 тамызда II-V курс аралығындағы әлеуметтік топқа жататын студенттерді қабылдаймыз. Мұнда екі санат бар. Бірі – ата-ата қамқорлығынсыз қалған балалар, екіншісі – мүмкіндігі шектеулі студенттер. Егер бұл санаттан орын қалса, екінші курстың келесі әлеуметтік санатына конкурс жариялаймыз, - дейді ол.

Конкурс университеттің сайтына салынады. Студенттер қажетті құжаттарды тапсырып, конкурсқа қатыса алады. Құжаттың барлығы электрон нұсқада қабылданады.

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Бүгінгі күні І курстың студенттері келіп жатыр. Олар ғимаратқа міндетті түрде маскамен және Ashyq арқылы кіргізіледі. Егер жүйеде студенттің статусы «көк» және «жасыл» болса, оны жатақханаға кіргіземіз. Ал егер «сары» мен «қызыл» стутас шықса, студентті жатақханаға кіргізбейміз. «Студенттер үйіндегі» медбике алдымен тексереді, қажет болса, жедел жәрдем шақыртамыз. Егер студенттің барып емделетін жері болса, оның қалауы бойынша жедел жәрдем шақырмаймыз, - деп түсіндірді Мерей Шәменов.

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Ashyq арқылы өткен студент ғимаратқа кіргеннен кейін автоматты жүйе арқылы дене қызуын тексереді. 

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Дене қызуы қалыпты болса, турникет ашылып, студент дезинфекциялық туннельге өтеді. Осыдан кейін ғана студент ғимаратқа кіреді.

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

«Студенттер үйінде» әлеуметтік арақашықтықты қамтамасыз ету үшін еденде қашықтықты сақтау белгілері орнатылған. Сонымен бірге әр қабатта антисептиктер бар.

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Жатақханада оқшаулау блогы да ұйымдастырылған. Егер студент ауырып қалса, осы бөлмелерге оқшауланады. Ол қаулы бойынша 14 күн оқшауда болады.

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Бұл бөлмелер толығымен қажетті жабдықпен қамтамасыз етілген. Әр бөлмеде кварцтау құрылғысы орнатылған. Әр бөлмеде тек екі баладан жатады.

Норма бойынша бір студентке 6 шаршы метр бекітілген. Демек әр бөлме 12 шаршы метрден тұрады, оған 2 студент қана орналасады.

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Пандемияға дейін 4 орындық бөлмеде 4 студенттен тұрды. Қазір екі ғана бала тұрады. Оларды төсек-орын жабдығымен жатақханаға әкімшілігі қамтамасыз етіп отырады. Аптасына бір рет төсек-орынды ауыстырып, тазасын беріп отырамыз, - деп айтты директор.

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Бұл жатақханалар пәтер типтес. Әр бөлмеде жуынатын бөлме, дәретхана, тіпті асханасы мен оқу зонасы бар.

Келісімшарт бойынша студент мемлекеттік мүлікке зиян келтірсе, онда оны ол өз қаражатына қайта қалпына келтіреді.

Егер студент өрескел тәртіп бұзса, атап айтқанда, шылым тарту, ішімдік ішіп, тәртіп бұзса, оны жатақханадан шығарамыз. Келісімшартта көрсетілгендей, шулау, бөлмені таза ұстамау сияқты жағдайлар болса, оған 3 рет ескерту жасаймыз. Бөлмесіне қонбай жүрген студенттердің де сағатын санаймыз. Жатақхананың барлық жері бейнебақылау камерасымен жабдықталған, - деп түсіндірді Мерей Шәменов.

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Өрескел бұзушылық жасаған баланың орны кезекте тұрған балаға беріледі.

Жатақхана ақысы бір оқу жылына 110 мың теңгені құрайды. Яғни қыркүйек айынан 30 маусымға дейін айына 11 мың теңге шамасында болады. Былтыр 100 мың теңге болған. Бұл қаражат студенттің пайдаланған жарығына, суына, яғни эксплуатациялық шығындарына жұмсалады. Жатақханада Wi-fi тегін, - деп түсіндірді «Студенттер үйі» дирекциясының директоры.

Студенттер жатақханаға кіріп-шыққанда міндетті түрде журналға тіркеледі.

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Жатақханада оқу залы, асхана және 200 адамға арналған кинотеатр, би залы бар. Карантин шектеулеріне байланысты қазір бұл бөлмелер жабық.

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Сонымен қатар «Студенттер үйінің» қызметкерлері 100% вакцина алған.

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Бұл төсек-орындарды жуатын бөлме. 

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Мұнда студенттердің төсектері санитарлық талапқа сай жуылып, үтіктеледі.

Дәстүрлі оқыту: Студенттер жатақханаға қалай орналастырылады

Жатақханада жыл сайын санитарлық талаптарды сақтау үшін дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Студенттер каникулға кеткен соң, бір айға жабылып, әр он күн сайын дезинфекция жасалады. Кейін жатақхананы «тұншықтырып» болғаннан кейін бірнеше рет жуылады.

Сонымен қатар қызметкерлер әр 2-4 сағат сайын дезинфекциялық құралдармен жуып, шайылады.

Айта кетейік, бұл жатақхана 2002 жылы салынған.


Өзгелердің жаңалығы