Дархан Қыдырәлі мен Дәулет Кәрібек Nur Otan саяси кеңесі бюросының құрамына сайланды

21 Тамыз 2019, 13:17
2724
Бөлісу:
Дархан Қыдырәлі мен Дәулет Кәрібек Nur Otan саяси кеңесі бюросының құрамына сайланды
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Елбасы, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. 

Жиында саяси кеңес бюросының құрамына өзгерістер енгізілді.

«Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросына мүше болып «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәліні сайлау ұсынылады. Бұған қоса, партиямыздың «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы Дәулет Кәрібекті бюро мүшесі етіп сайлау ұсынылады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қатысушылар бұл шешімге бірауыздан қолдау білдіріп, дауыс берді.

Атап өтсек, бюроның жаңа мүшелері мемлекеттік қызметке ауысқан Мәулен Әшімбаев пен Бақыт Сұлтановтың орнына келді.

Бұған дейін Елбасы бүгінгі күні бүкіл әлемде саяси партиялар жаңа міндеттерге тап болып отырғанын және Парламент сайлауы қашан өтетінін айтты айтты. Сондай-ақ, Назарбаев шенеуніктерге халықпен кездесіп, оларды тыңдаңыздар деді.

Өзгелердің жаңалығы