Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Сыртқы істер министрімен кездесті

9 Наурыз 2023, 22:29
840
Бөлісу:
Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның Сыртқы істер министрімен кездесті
Фото: АҚДМ баспасөз қызметі

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Джейхун Байрамов екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жоғары екенін атап өтіп, қарым-қатынас халықаралық ұйымдар аясында да қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды.
 
Өз кезегінде Дархан Қыдырәлі Әзербайжан халқына жылы қабылдағаны үшін алғыс білдірді.

Өзіңіз білетіндей, Әзербайжан – Қазақстанның негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі. Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас сенімді және достық сипатқа ие. Әзербайжан Республикасымен саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту біздің сыртқы саясатымыздың маңызды басымдықтарының бірі саналады. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың өткен жылы Әзербайжанға жасаған ресми сапары соның айқын мысалы, - деді Дархан Қыдырәлі.

Сонымен бірге Дархан Қыдырәлі екі ел арасында медиа және жастар саласында тығыз қарым-қатынас орнап отырғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы