Дархан Қыдырәлі ант берді

3 Қыркүйек 2022, 10:46
1144
Бөлісу:
Дархан Қыдырәлі ант берді

Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі ант берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президент жарлығымен болып тағайындалған Ақпарат және қоғамдық даму министрі  Дархан Қыдырәлі салтанатты түрде ант берді.

Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз Отаным Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант беремін!, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы