Данияда локдаун мерзімі ұзартылды

29 Қаңтар 2021, 15:08
1511
Бөлісу:
Данияда локдаун мерзімі ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті тамақтану орны мен дүкендердің көбі ақпанның аяғына дейін жабық болады, деп жазды «Хабар 24». 

Мектептер де ашылмауы тиіс. Десе де, билік қатаң шара жеңілдетіліп, бастауыш сынып оқушыларының сабаққа баруы мүмкін деп отыр. Бұл мәселе келесі аптада қарастырылады. Ал қалған ережелер күшін жоймайды. Биліктің локдаунды ұзартуына коронавирустың мутациялары себеп. Елде британдық штамм тез тарап барады. Қазір науқастардың шамамен 15 процентінде осы штамм анықталып жатқан көрінеді. 

Вирустың жаңа штамдары тез тарап барады. Біз оны тоқтатпасақ та, тежей аламыз. Сондықтан локдаунды ұзартуға тура келді. Бұл жаңалық көбінің көңіліне қаяу түсіргенін білемін. Бірақ басқа амал жоқ. Өйткені сарапшылардың топшылауынша, ақпанда жаңа штамм басым болуы мүмкін, - деді Данияның премьер-министрі Метте Фредериксен.



Өзгелердің жаңалығы