Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді

22 Тамыз 2020, 09:09
1373
Бөлісу:
Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокста алғаш рет жеңілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов орта салмақтағы WBC International титулын жеңіп ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

34 жастағы қазақстандық боксшы он екі раундтық жекпе-жекте 30 жастағы мексикалық Хуан Карлос Райгосадан (16-15-3, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңіліп қалды. Бұл оның кәсіпқой боксшы мансабындағы алғашқы жеңілісі саналады. Бұған дейін ол кәсіпқой рингте 8 жеңіске жеткен (оның 7-еуі нокаутпен) және бір жекпе-жегін тең нәтижемен аяқтаған.

Елеусінов - Райгоса жекпе-жегі Мехикодағы бокс кеші аясында өтті.


Өзгелердің жаңалығы