Cтелс-омикрон. Тағы да карантин енгізіле ме?

18 Мамыр 2022, 12:11
1486
Бөлісу:
Cтелс-омикрон. Тағы да карантин енгізіле ме?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. 

Оның айтуынша, стелс-омикрон штамы еліміздің 12 өңірінде анықталған. 

Негізінен 2 ірі мегаполисте – Алматы мен Нұр-Сұлтанда айқындалды. Коронавирус инфекциясының бұл түрі Дельта штамына қарағанда жеңіл өтеді. Бірақ ол жылдам таралып, ауруды қайта жұқтырып алу ықтималдылығымен қауіпті. Сондықтан бүгін бүкіл елде ауру таралғанын көріп отырмыз. Аурушаңдыққа күн сайын мониторинг жүргізіліп отырады. Симптомдары байқалып, көмекке жүгінген барлық пациенттер толық көлемде ем қабылдауда. Бұл штамм аурудың мұндай ағымын ескере келе, қандай да бір карантиндік шаралар енгізуге алып келеді деп ойламаймыз, - деп атап өтті министр. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ведомство ауыр дертке шалдыққан балаларға дәрі алу үшін бюджеттен 16,4 млрд теңге бөлетіні туралы жазған болатынбыз. Қазынадағы аталған қаражатқа 9 түрлі сирек кездесетін ауруға шалдыққан балаларды емдеу үшін 24 дәрілік заттар сатып алынады. Сирек кездесетін дерт қатарында жұлын-бұлшықет атрофиясы мен эпилепсияның көп кездеспейтін түрлері қамтылған.  

Өзгелердің жаңалығы