Цой Маминге вакцинациялау туралы баяндады

18 Мамыр 2021, 09:38
1802
Бөлісу:
Цой Маминге вакцинациялау туралы баяндады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой КВИ-ге қарсы вакцинациялау процесі туралы баяндады.

Министр атып өткендей, халықты КВИ-ге қарсы вакцинациялау жалғасып жатыр.

Бүгінгі күні вакцинаның 2,6 млн дозасы пайдаланылды, оның бірінші компоненті бойынша 1 871 823 адам екпе алды. Екінші компонентпен 778 346 адам қамтылды, - деді ол.

Министрдің сөзінше, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына бірінші дозаны алғаннан кейін 21-ден 90 күнге дейінгі кезеңде Спутник V вакцинасына қатысты екінші компонентпен вакцинациялауға жол беретін өзгерістер енгізілді.

Яғни азаматтар екінші дозаны бірінші дозадан кейін 21 күннен бастап ала алады. Бүгінгі таңда егу пункттерінде вакцинаның жеткілікті мөлшері бар. Атап айтқанда, бірінші компоненттің шамамен 500 мыңы және екінші компоненттің 750 мыңы бар, - деді Цой.

Оның сөзінше, вакцинаны жеткізу кестеге сәйкес жүзеге асырылады.

Мәселен, 14 мамырда ҚФК кешеніне Спутник V өндіруге арналған субстанция келіп түсті, қазіргі уақытта вакцинаның 1,2 млн дозасын кезең-кезеңмен өндіру жүзеге асырылуда. Сондай-ақ айдың соңына дейін қосымша отандық QazVac вакцинасы мен Hayat-Vax жеткізіледі деп күтіліп отыр, - деп Алексей Цой түсіндірді.

Өзгелердің жаңалығы