Цой қандай дәрілер тегін болатынын айтты

6 Сәуір 2021, 10:54
2320
Бөлісу:
Цой қандай дәрілер тегін болатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін «Санитариялық-эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен Үкімет отырысы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Бүгінде еліміз дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілген. Ауруханаларда КВИ емдеуге арналған дәрілердің айлық қоры, «СҚ-Фармация» қоймаларында және дәріханаларда – екі айлық қор қалыптастырылған. Барлық өңірде 18 млрд теңгеге дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қорлары құрылды, - деп сендірді Алексей Цой. 

Министр ауруханалар мен дәріханаларға жүктемені азайту мақсатында тамыз айынан бастап амбулаториялық деңгейде КВИ емдеу үшін 1 млн пациентке қор бар дәрілердің 5 түрі тегін берілетінін айтты.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлескен жұмыс жүргізілді, нәтижесінде 232 антиковидті препараттардың құны орта есеппен 27%-ға төмендеді. Медициналық маскалар еркін сатылымда орта есеппен 20 теңгеден сатылады, қоймаларда 21,5 млн дана көлемінде жеткілікті қор қалыптастырылған. Медициналық ұйымдар жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген, өңірлердің әкімдіктері 3 айлық қорды қалыптастырды, - деді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы