COVID-19. КВИ мен пневмониядан 23 адам көз жұмды

29 Маусым 2021, 09:05
3528
Бөлісу:
COVID-19. КВИ мен пневмониядан 23 адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы  29 маусымдағы ақпаратты жариялады.

29 маусымдағы мәлімет бойынша, 24 022 адам коронавирус инфекциясынан (–22 746 + және 1276 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 7 125 пациент стационарда, 16 897 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 485 адамның жағдайы ауыр, 104 пациенттің жағдайы өте ауыр, 70 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

27 маусымда коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 2 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 17 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 56942, 987 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 52220-ға жетті.

COVID-19. КВИ мен пневмониядан 23 адам көз жұмды
Өзгелердің жаңалығы