COVID-19: Қазақстанда 7 миллионға жуық адам вакцина алған

8 Қыркүйек 2021, 17:39
8793
Бөлісу:
COVID-19: Қазақстанда 7 миллионға жуық адам вакцина алған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов хабарлады.

Ведомство басшысы тиісті халықты вакцинациялау жалғасып жатқанын алға тартты.

Сондай-ақ ол маусымдық ЖРВИ мен гриптің жақындап келе жатқанын ескертті.

Бүгінгі таңда вакцинаның 12,6 млн дозасы пайдаланылды, оның ішінде, І компонентті 6 928 646 адам алды. Бұл тиісті халықтың 69,5%-ын құрайды. Екінші компонентті 5 755 817 адам алды, - деді Марат Шоранов.

Оның айтуынша, вакцинациялау пункттерінде І компонентке тиесілі 1 млн 540 мың доза және екінші компоненттің 880 мың дозасы бар көрінеді.

Вице-министр коронавирус инфекциясының үнемі мутацияға ұшырауына байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырды. Індет жұқтырмаудың басты талаптары вакцина алу, маска режимін сақтау, ғимаратты желдету, қол гигиенасы мен әлеуметтік арақашықтықты сақтау деп отыр денсаулық сақтау саласының мамандары.

Бұған дейін еліміздегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанып келе жатқандығы туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы