COVID-19: ЕО «Ремдесивирдің» бүйрекке әсерін тексеріп жатыр

3 Қазан 2020, 18:10
1353
Бөлісу:
COVID-19: ЕО «Ремдесивирдің» бүйрекке әсерін тексеріп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Препаратты Калифорниядағы Gilead Sciences биофармацевтикалық компаниясы Эбола безгегімен күресу үшін жасап шығарған болатын.

ЕуроОдақ Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) кейбір науқастарда бүйрек функциясының бұзылуы байқалғаннан кейін «Ремдесивир» препаратының әсерін тексере бастады. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

«Ремдесивир» препараты кейбір науқастарда жедел бүйрек ауруын тудырған. Оған коронавирус немесе препараттың өзі себеп болғандығы анықталды.

Препаратты коронавирус инфекциясын жұқтырған  АҚШ президенті Дональд Трамп та қабылдайды.

«Ремдесивир» препараты АҚШ-та Эбола безгегімен күресу үшін жасалған болатын. 2020 жылдың сәуір айының ортасында канадалық ғалымдар бұл препарат коронавирустың көбеюін болдырмайтынын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы