COVID-19 елімізде тағы 3 адамның өмірін жалмады

7 Маусым 2020, 22:34
1506
Бөлісу:
COVID-19 елімізде тағы 3 адамның өмірін жалмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 3 науқас көз жұмды, деп хабарлады індет туралы еліміздегі ресми дереккөз.

Павлодар облысы - 1957 жылы туған ер, Атырау облысы - 1948 жылы туған әйел, сондай-ақ Қарағанды облысында 1963 жылы туған ер адам, - делінген хабарламада.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 56 адам қайтыс болды.

Сонымен қатар, 241 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.

Нұр-Сұлтан қаласы - 61,
Алматы қаласы - 74,
Шымкент қаласы - 8,
Ақтөбе облысы - 10,
Қызылорда облысы - 5,
Ақмола облысы - 3,
Маңғыстау облысы - 4,
Қостанай облысы - 11,
Атырау облысы - 4,
Шығыс Қазақстан облысы - 2,
Қарағанды облысы - 19,
Түркістан облысы - 1,
Батыс Қазақстан облысы - 24,
Алматы облысы - 15.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны - 7376.

photo5397606978978688463.jpg


Өзгелердің жаңалығы