COVID-19: 25 науқастың жағдайы аса ауыр

11 Қараша 2020, 09:01
1386
Бөлісу:
 COVID-19: 25 науқастың жағдайы аса ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 606 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 393 бала бар. Стационарларда 2 926 науқас жатыр. 4 680 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 196 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

 COVID-19: 25 науқастың жағдайы аса ауыр

Өзгелердің жаңалығы