Қытай туындағы жұлдыздың орнына коронавирусты бейнелеген даниялық дауға ілікті

29 Қаңтар 2020, 11:52
2778
Бөлісу:
Қытай туындағы жұлдыздың орнына коронавирусты бейнелеген даниялық дауға ілікті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай елшілігі Jyllands-Posten газетінің коронавирусқа қатысты жасаған карикатурасы Аспан асты елі мен қытай халқының сезімдерін қорлайтындығын айтып, кешірім сұрауды талап етті. 

Politico мәліметінше, Қытай даниялық Jyllands-Posten газетін карикатура жасап, этика нормаларын бұзды деп айыптады. Даниялық газет ҚХР мемлекеттік туындағы жұлдыздардың орнына коронавирусты бейнелеген.

Қытайдың дипломатиялық өкілдігі Нильс Бу Буйсеннің "суреті" Қытай елін кемсіту деп санайтынын атап өтті. 

Бұл өркениетті қоғамның этика нормалары шеңберінен шығып кеткен дүние адамдардың сезімдеріне нұқсан келтіреді. Біз Jyllands-Posten газеті мен суретті салған Нильс Бу Буйсеннің көпшілік алдында қытай халқынан кешірім сұрауын талап етеміз, - делінген Қытай елшілігі сайтында жарияланған хабарламада. 

Карикатура авторы Нильс Буйсен түсініктеме беруден бас тартты, ал газет редакторы Джейкоб Нибро TV2 телеарнасына кешірім сұрауға ешқандай негіз көріп тұрмағанын және карикатура қытайлардың ренжіту мақсатында салынбағанын айтты.

Сурет бұдан бұрын салынған сатирикалық өнер туындыларынан ерекшелігі, ол қазіргі уақытта әлемде не болып жатқанын көрсетеді, – деді ол.
Айта кетейік, 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай Үкіметі Ухань қаласында пневмония ауруының тарағаны туралы хабарлаған болатын. Аурудың қоздырғышы коронавирустың жаңа типі 2019-nCoV екені анықталды.

29 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустан көз жұмғандар саны 132-ге жетіп, Қытайда вирус жұқтырған адамдардың жалпы саны 5974 құрады. Басқа мемлекеттерде ауыр дертке шалдыққандардың жалпы санын қосқанда 6052 адамға жетті.

Қытайдан бөлек, жұқпалы ауру Австралия, Вьетнам, Германия, Канада, Италия, Камбоджа, Малайзия, Непал, Оңтүстік Корея, Сингапур, АҚШ; Таиланд, Франция, Шри-Ланка, Жапония, Украинаға да тарады.

Star ұсынған соңғы мәліметтер бойынша Малайзияда ауыр дертті жұқтырғандар саны 7 адамға жеткен. Науқастардың барлығы Малайзияға келген Қытай Халық Республикасының азаматтары.  

Өзгелердің жаңалығы