Чехияда карантин талабын бұзған мейрамханалар жұмысы 1 жылға тоқтатылады

9 Ақпан 2021, 21:19
1550
Бөлісу:
Чехияда карантин талабын бұзған мейрамханалар жұмысы 1 жылға тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сондай-ақ министрлер кабинеті елдегі карантиндік шектеуді тағы бір айға, яғни 16 наурызға дейін ұзарту туралы ұсыныс тастады.

Чехия үкіметі коронавирустық індетке қарсы күрес аясында енгізілген шектеулерді бірнеше рет бұзған қонақ үйлер, пансиондар, мейрамханалар және басқа да тамақтану орындарын бір жылға жабу туралы заң жобасын қабылдады. Бұл туралы 8 ақпан күні Чех теледидарында хабарланды.

Қаңтар айының аяғынан бастап Чехиядағы қонақ үйлерге тек іссапарда жүргендерге, ал мейрамханаларға тағам сатуға (өзімен алып кетуге) ғана рұқсат етілгеніне қарамастан, полиция мұндай мекемелерде талап бұзғандарды анықтап жатыр, кейбірінде бұзушылықтар бірнеше рет тіркеді.

Сонымен қатар отырыста министрлер кабинетінің мүшелері 14 ақпанда аяқталатын локдаунды тағы бір айға ұзарту туралы шешім қабылдады. Тиісті бастаманы енді елдің Парламенті қолдауы керек.

Соңғы мәліметтер бойынша, 10,69 миллион халқы бар Чехияда вирус жұқтырған 1,37 миллион адам анықталды. Ауруды елдің 922 223 тұрғыны жеңіп шықса, аурудың асқынуынан 17 333 адам қайтыс болған. 

Соңғы тәулікте инфекцияның 2415 жаңа жағдайы тіркелді.


Өзгелердің жаңалығы