БЖЗҚ салымшылардан алынатын комиссияны азайтады

16 Наурыз 2023, 21:52
1820
Бөлісу:
БЖЗҚ салымшылардан алынатын комиссияны азайтады
Фото: gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылардан алатын комиссиясы азаятынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, қордың салымшыларға көрсеткен қызметі үшін алатын комиссия мөлшері 0,01 пайыздан 0,008 пайызға дейін қысқарады. 

Есепшоттарға көбірек түседі. Бұл – көрсетілген қызмет үшін комиссиялық сыйақы. Олар (БЖЗҚ – ред.) көп алған, енді азырақ алатын болады. Қазір алып қарасақ, 15 трлн теңге біздің активіміз... Олар жыл сайын қызмет көрсетеді, инвестициялайды, бекітеді. Көлемнің ұлғаюына байланысты мөлшері азаяды, өтйкені олар өздері пайдаланатын шығын көлемі, әкімшілік шығындар осы сомалармен бірге жеткілікті. Бұл 1998 жылдан бүгінгі күнге дейінгі әр қазақстандықтың жеке шотын қамтиды. Айырмашылық кімде қандай зейнетақы жинағының бар екендігіне байланысты. Мәселен, сізде 100 мың теңге болса, азырақ болады. Бірақ бәрібір көбірек қалады. 10 млн теңгеден артық сома болса, әрине, шотыңызға айтарлықтай әсер етеді, - деді Тамара Дүйсенова. 

Еске сала кетейік, бүгін Сенатта Әлеуметтік кодекс пен оған ілеспе заңдар қабылданды. 

Өзгелердің жаңалығы