Бюджеттің әрбір тиыны бақылауда болады – Нығматулин

10 Маусым 2020, 12:57
2096
Бөлісу:
Бюджеттің әрбір тиыны бақылауда болады – Нығматулин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  және  Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2019 жылғы  республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері жыл сайын жүзеге асырылатынын айтты.

Жыл сайын Үкімет пен Есеп комитетінің қорытындысын тыңдау - біздің жұмысымыздың ең маңызды әрі жауапты бағытының бірі. Осыған орай бүгін бюджеттің орындалу сұрақтарын жан-жақты талқыладық. Жалпы айтқанда Елбасы Н.Назарбаев пен президент Қ.Тоқаев берген тапсырмалар бойынша Үкімет бірқатар нәтижеге қол жеткізді. Әрине, мемлекеттік бюджеттің тиімді болуы – тек бөлінген және игерілген қаражатқа байланысты емес, - деді Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс спикері атағандай, қаражат нақты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешіп, халқымыздың өмір сапасын арттыруға ықпал етуі керек. 
Бұл - Қ.Тоқаевтың Жолдауында алға қойған негізгі міндеттердің бірі. Сондықтан бюджеттің әрбір тиыны қайда және қандай мақсатқа жұмсалғаны алдағы уақытта да депутаттық корпустың бақылауында болады. Осы бағытта бүгін көп сұрақтар қойылды. Ұсыныс, пікірлер де аз болған жоқ. Олардың барлығы алдағы жұмыста қаралады. Алдағы уақытта да осы бағытта бірге жұмыс атқарамыз деп сенемін, - деді Нығматулин.

Өзгелердің жаңалығы