Бюджетке 8,6 млрд теңге игерілмеген қаражат қайтарылды – министр

10 Маусым 2020, 11:07
1430
Бөлісу:
Бюджетке 8,6 млрд теңге игерілмеген қаражат қайтарылды – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қорға 4,5 трлн теңге түсті. Қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс 1,6 трлн теңге болды. Бұл туралы қаржы министрі Ерұрлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысында айтты. 

2019 жылдың соңында қор активтері 27,5 трлн теңгені құрады.Есеп шеңберінде бюджеттің басты басымдықтарын негізінен Ұлттық қордан алынатын трансферттер арқылы қаржыландыру дағдыға айналғаны айтылды.Бюджет кодексінің жобасы Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтуге бағытталғанын атап өткім келеді, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Министр қазіргі саясатты өзгерту үшін Үкімет тиісті қаулы қабылдағанын айтты. 
Оған сәйкес квазимемлекеттік субъектілер 2019 жылдың қорытындысы бойынша өздерінің таза табысының 100%-не дейінгі мөлшерде республикалық бюджетке дивиденд ретінде төлеуді қамтамасыз етеді. Кейінгі жылдары төлемнің көлемі таза кіріс сомасының 70 процентін құрайтын болады.Жыл сайын талқыланатын мәселелердің бірі – бұл квазимемлекеттік субъектілердің шоттарындағы қалдықтар болып табылады, - деді ол. 

Министр квазимемлекеттік субъектілердің шоттарындағы игерілмеген қалдықтарды тиісті бюджетке қайтару туралы Парламент ұсыныс беріп, қазір бұл жұмыс басталғанын айтты.
Биылғы 1 маусымға сәйкес республикалық бюджетке 8,6 млрд. теңге қаражат  қайтарылды.2019 жылғы республикалық бюджеттің негізгі көрсеткіштері мен көтерілген жүйелі мәселелердің шешу жолдары осындай. Есепті қарау кезінде экономиканың барлық салалары бойынша  маңызды 200 жуық сұрақ пен ұсыныстар берілді.Депутаттардың ұсынымдары мұқият қаралады және олар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады. Үкіметтің  есебін қолдауларыңызды сұраймын, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы