Былтыр Samruk Qyzmet арқылы 7,3 мың қазақстандық жұмысқа орналасты

26 Қаңтар 2023, 12:18
1113
Бөлісу:
Былтыр Samruk Qyzmet арқылы 7,3 мың қазақстандық жұмысқа орналасты

7,3 мың қазақстандық «Самұрық-Қазына» компанияларына интернет-портал арқылы жұмысқа тұрды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз брифингінде қордың басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов мәлім етті, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, былтыр Samruk Qyzmet бірыңғай рекрутинг порталы толыққанды жұмысын бастады. Бір жыл ішінде портал арқылы өтініш бергендердің саны 60 пайызға  өсіп, 134 мыңға жетті.

Бұл жұмыс беруші ретінде «Самұрық-Қазынаға» қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді. 2022 жылы портал арқылы 7300 қазақстандық жұмысқа тұрды. Кез келген азамат qsamruk.kz сайтына кіріп, қазіргі кезде Қазақстан бойынша бос орындарға өтініш білдіре алады. Порталда үміткерлерді бастапқы іріктеу автоматтандырылған, бұл адами факторды толығымен жояды, - деді Ғибрат Ауғанов.

Сонымен қатар басқарушы директордың сөзінше, «Самұрық-Қазына» Қоры өз жұмысына 230 қазақстандық сарапшыны тартқан.  

Былтыр еліміздің жетекші сарапшылары мен қоғам белсенділері «Самұрық-Қазына» Қоғамдық кеңесінің 13 отырысына қатысты. Олар Қор басшылығына 118 ұсыныс берді, оның үштен екісі орындалды, қалғандары орындалып жатыр, оның ішінде тұрақты негізде қолға алынғаны бар. Қоғамдық кеңестің төрағасы Болат Жәмішев «Самұрық-Қазына» қорының жұмысын қоғам атынан бақылау мақсатында директорлар кеңесінің құрамына енді, - деді Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры. 

Өзгелердің жаңалығы