Былтыр елде 4,3 млн тонна қоқыс шығарылды - министрлік

13 Сәуір 2023, 15:26
914
Бөлісу:
Былтыр елде 4,3 млн тонна қоқыс шығарылды - министрлік
Фото: elorda.info

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, қалдықтарды басқару саласы бүгінгі таңда елдегі маңызды мәселелердің біріне айналып отыр.

Елде жыл сайын шамамен 4,5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар құрылады. Әкімдіктер коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы саясатты іске асыратынын ескере отырып, осы саладағы көрсеткіштер бойынша ақпаратқа сәйкес 1 тоқсанда шамамен 1 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар құрылды. Атап айтқанда, оның 24,1%-ы қайта өңделді, - деп атап өтті комитет басшысының міндетін атқарушы.

Белгілі болғандай, былтыр республика аумағында 4,3 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылған. Оның 25,4%-ы қайта өңделді.

Биылдың қорытындысы бойынша республикалық өңдеу үлесі 27%-ға дейін жету қажет. Ел аумағындағы 207 қала мен ауданның 145 елді мекенде әртүрлі кезеңде бөлек жинау енгізілді. Әкімдіктердің ақпаратына сүйенсек, елімізде 105 қала мен ауданда сұрыптау бар, алайда оның ішінде негізінен облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда әртүрлі қуаттылықтағы 30 қоқыс сұрыптау кәсіпорны бар. Мұндай қоқыс сұрыптау кешендерінің көпшілігі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының жанында орналасқан, - деді Айдар Абдуалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін комитет өкілі АЭС салынса, экологияға қандай қауіп төнетіні туралы сұраққа жауап берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы