Елімізде АЭС салынса, экологияға қандай қауіп төнеді?

13 Сәуір 2023, 15:10
2248
Бөлісу:
Елімізде АЭС салынса, экологияға қандай қауіп төнеді?
Фото: gov.kz

Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Қазақстанда атом электр станциясы салынса, экологияға зиянын тигізбей ме?» деп сұрады БАҚ өкілі министрліктен.

Атом электр станциясы бойынша министрлікке бүгінгі таңда ешқандай құжат түскен жоқ. Түскен жағдайда бұл бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізіледі. Сол қоғамдық тыңдауларда осы сұрақтарды қойып, тиісті жауап болады. Бұл атом электр станциясын салу мәселесін Энергетика министрлігі өз құзыретінде қарастырып отыр. Бізге жоба келген кезде өз шешімімізді ұсынамыз, - деді комитет басшысының міндетін атқарушы.

Еске сала кетейік, Ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмед-Заки «елімізде АЭС салынған жағдайда мамандарды қайдан аламыз» деген мәселеге қатысты пікірін білдірген болатын.

АЭС салуға ғалымдар, соның ішінде инженерлер, ядролық реакторлар құрастыратын ядролық қару шығарушылар қажет екені белгілі. Дархан Ахмед-Заки мамандар даярлау алдағы бес жылдың мәселесі деп атады.

Өзгелердің жаңалығы