Былтыр демалушыларды 4 мыңға жуық орын қабылдады

5 Сәуір 2024, 19:10
259
Бөлісу:
Былтыр демалушыларды 4 мыңға жуық орын қабылдады
Фото: pixabay.com

2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында Қазақстанда туристер мен демалушыларды 3 992 орналастыру орны қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22 бірлікке артық.

Орналастыру орындарының негізгі үлесін немесе 55% мейрамханасы бар/мейрамханасыз қонақүй, тағы 30% үйлер, коттедждер және пәтерлер құрайды.

Орналастыру орындарының түрлері: мейрамханасы бар және жоқ қонақ үйлер – 2225;

демалыс үйлері – 93;

пансионат – 32;

балалар лагері – 113;

ауылды жердегі үйлер, коттедждер, пәтерлер – 1210;

туристік базалар – 58;

кемпингтер – 40;

хостел – 140;

басқа түрлері – 81;

Айта кетейік, Қазақстанда «5 жұлдыз» санатында 25 қонақ үй, «4 жұлдыз» санатында 56 қонақ үй бар, ал 2 104 қонақ үйдің қандай да бір санаты жоқ.

Өткен жылдың 12 айында орналастыру орындары 229,2 млрд теңгеге 8,1 млн адамға қызмет көрсетті, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 12,4% артық.

Өзгелердің жаңалығы