Былтыр бюджетке көлік салығынан 70 млрд теңге түскен

10 Қыркүйек 2023, 22:00
777
Бөлісу:
Былтыр бюджетке көлік салығынан 70 млрд теңге түскен
Фото: архив

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрлік Жаңа Салық саясатының консультативтік құжатын жариялады.

2022 жылы көлік құралдарына салынатын салық бойынша жеке тұлғалардан түскен кіріс 70 млрд теңге болды. 2025 жылы ЕАЭО елдері шеңберінде мұнай өнімдерінің бірыңғай нарығына көшу жанар-жағармай бағасының айтарлықтай өсуіне әкеледі. Нәтижесінде, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты, кәдеге жарату алымын, автомобиль көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алымды ескере отырып, жеңіл көлік құралдарын пайдалануға арналған жиынтық шығындары артады, - деп жазылған құжатта.

Өзгелердің жаңалығы