Былтыр басталған "Қазақстан" шахтасындағы өрт әлі өшпеген

9 Қаңтар 2024, 13:47
574
Бөлісу:
Былтыр басталған "Қазақстан" шахтасындағы өрт әлі өшпеген
Фото: BAQ.KZ -архив

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов 17 тамыздан бері өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатқан «Қазақстан» шахтасындағы жағдай туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың айтуынша, «Казахстанская» шахтасындағы өрт ауыздықталды.

Қазақстан шахтасында 25 бөгет орнатылды. Өрт локализацияланды. Қазір жағдай жүйелі түрде бағалануда. Шахтада әлі де көміртегі тотығы бар және әлі де ыстық нүктелер бар, сондықтан біз әлі күтуіміз керек, - дейді Сырым Шәріпханов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетейік, 17 тамызда "АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорнының "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенді. Шахтада 227 адам болған, 222 адам эвакуацияланды. Сегіз адам зардап шекті. Төтенше жағдай кезінде 5 жұмысшы жоғалып кеткен болатын.

Сонымен қатар «Қазақстан» шахтасындағы өртке байланысты Шахтинск қаласының Полиция бөлімі ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Кейіннен апат салдарынан көз жұмған кеншілердің есімдері жарияланды.

20 тамыз «АрселорМиттал Теміртауда» қаралы күн жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы