Былтыр 240 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты – Еңбекмині

25 Мамыр 2021, 09:40
2239
Бөлісу:
Былтыр 240 мыңға жуық адам жұмысқа орналасты – Еңбекмині

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкіметтің отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру барысы жайында айтып берді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Үкімет дағдарысқа қарсы іс-шаралар пакеті шеңберінде 2020 жылдан бастап Жұмыспен қамтудың жол картасы іске асырылып жатыр.

Былтырғы жылы әлеуметтік тұрғын үй, инженерлік инфрақұрылым және елді мекендерді абаттандыру бағыттары бойынша жұмыс жүргізілді. 6 600 инфрақұрылымдық жобаларда құрылыс күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Нәтижесінде 239 мың адам жұмыспен қамтылып, оның ішінде 120 мың адам жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты, - деп атап өтті министр.

Шәпкенов атап өткендей, бұл жұмыссыздық деңгейінің күрт өсуіне жол бермей, 4,9 пайыз деңгейінде сақталуына әсер етті.

Сонымен қатар Жұмыспен қамтудың жол картасы үшауысымды, апатты мектептердің мәселесін ішінара шешуге, ауыл тұрғындарының білім алуға, денсаулық сақтауға, таза ауыз суға қол жеткізуіне, суармалы жайылымдық жерлер көлемін ұлғайтуға және ауылдық жерлерді газдандыруға да мүмкіндік берді, - дейді ведомство басшысы.

Ол Президенттің тапсырмасына сәйкес жол картасының биыл да жалғасып жатқанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы