Былтыр 147 мың адам уақытша жұмысынан айырылды - министр

27 Сәуір 2021, 09:30
1521
Бөлісу:
Былтыр 147 мың адам уақытша жұмысынан айырылды - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үкімет отырысында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халықты жұмыспен қамту бойынша қабылданған шаралар жайында баяндады.

Еңбек нарығының негізгі индекаторлары пандемияға қарамастан тұрақты болып қалды. Соңғы үш жылда жұмыс күшінің саны артты. Бұл жалдамалы жұмысшылар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санының қысқаруы есебінен болды. Бұл ретте еңбек нарығын сипаттайтын негізгі көрсеткіш - жұмыссыздық деңгейі 4,9% көлемінде сақталды, - деп айтты ол.

Министр баяндағандай, 2020 жылдың екінші тоқсанында уақытша жұмыспен қамтылған халық саны 4 есеге өсіп, 536 мың адамды құрады. Ал шектеу шаралары кезінде қашықтан жұмыс істеу және икемді жұмыс формалары кеңінен тарап, жыл соңында уақытша жұмыспен қамтылғандар саны 147 мың адамға қысқарды.

Оның сөзінше, бейресми жұмыспен қамтылғандар саны азайғаны байқалды. Оның деңгейі қазіргі күні 14%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда экономиканың біртіндеп қайта қалпына келуін байқап отырмыз. Бұл еңбек нарығына оң әсер етіп жатыр, - деп түсіндірді Еңбек министрі.

Еске сала кетейік, өңірлік дамыту бағдарламалары бойынша мемлекеттен бөлінетін қаражаттың арқасында биыл 440 мың адам жұмысқа орналасады.

Өзгелердің жаңалығы